USD
USD
USD

ТОҚАЕВ мерейтойын НЕГЕ тойламайды? ПРИНЦИПИАЛЬНО!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең 70 жасқа толады. Алайда мемлекет басшысы 70 жас мерейтойын тойламайтын болды. Бұл туралы баспасөз хатшысы Руслан ЖЕЛДІБАЙ хабарлады.

ТОҚАЕВ мерейтойын НЕГЕ тойламайды? ПРИНЦИПИАЛЬНО!
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысының мерейтойын қалай тойлайтыны туралы сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты мына жайтты хабарлаймын: бұл мәселеге байланысты ешқандай да шара жоспарланбаған. Бұл – президенттің принциптік позициясы», – деді Р.Желдібай.

Сонда 70 жасқа толған күні президент не істейді? Туған күнін қалай қарсы алады?

17 мамырда президент Қ.Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Баспасөз хатшысы бұл туралы бүй деді: «Біз бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні оның (президенттің – ред.) Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапары аясында да туған күнге байланысты ешқандай шара өтпейді».

Мерейтой жуып үйреніп қалғандар үшін Тоқаевтың мұнысы ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ 30 жылдан астам уақыттан бері бір адамның туған күнін мемлекеттік деңгейде атап өтуден жұрттың жалыққанын Тоқаев та жақсы біледі... 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.