USD
USD
USD

Тоқаев мемлекеттік басқарудың жаңа моделін ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет деп мәлімдеді. 

Тоқаев мемлекеттік басқарудың жаңа моделін ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанға қоғамның сұранысына сай, тиімді және әділ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Бұл ретте ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында.

Тоқаев әрбір дауыс естілуі тиіс деп мәлімдеді.

«Бұл үшін тиісті саяси тетіктерді дамыту керек. Нақты өңір тұрғындарының мемлекеттік шығыстарға қатысты пікірін ескеру мақсатында халықтық қатысу бюджетінің жобасы іске асырылатын болады. Ашық үкімет порталы азаматтардың маңызды шешімдерді талқылаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, кез келген жүйенің өміршеңдігінің басты заңы – тұрақты даму мен жетілдіру.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж