USD
USD
USD

Тоқаев: Мемлекеттік аппараттың берекесі кетпесін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды.

Тоқаев: Мемлекеттік аппараттың берекесі кетпесін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақырды. Президенттің айтуынша, былтыр әртүрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ, 14 облыстық басқарма басшысы мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта қарамағындағы қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 20 саяси қызметкерге қатысты шара қолданылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге өз аймақтарындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Ал жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өздеріне жүктелген міндетке сергек қарағаны жөн.

«Бұған дейін айтқанымдай, егер мемлекеттік қызметші бюджет қаржысын жымқыруды немесе пара алып баюды көздемей, шешім қабылдау кезінде қателікке жол берген болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Әйтпесе, мемлекеттік аппараттың берекесін кетіреміз. Сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барған шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс», – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға