USD
USD
USD

Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президенттің Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуі басталды.

«Ақтауға келердің алдында жанашыр әрі ақылшы ағамыз болған Әбіш Кекілбаев ойыма оралды. Әбекең екеуіміз біраз жыл қызметтес болып, бірге жүрдік. Аға-іні ретінде сыйласып, жақын араластық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы туралы жиі әңгімелесетін едік. Әдебиет тақырыбында пікір алмастық. Қазір «Әбіш әлемі» деген ұғым халқымыздың санасына әбден сіңіп кетті. Расында, бірегей тұлға, аса көрнекті жазушы, тарихшы, философ Әбіш Кекілбаевты біз және өскелең ұрпақ әрқашан жадымызда сақтауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық, ұлттық борышымыз.

Абыз ағамыз – барша қазақтың мақтанышы. Әбекең туған өлкесі Маңғыстауды ерекше жақсы көретін. Қасиетті орындары, қайталанбас табиғаты және кеңпейіл халқы туралы сөйлегенде шабыттанып кететін. «Маңғыстаудың дариясы – халқының көкірегінде» деп жиі айтатын. Осы өңірге келген сайын сол сөздердің ақиқат екеніне көзіміз жететіні анық. Мен 2019 жылы Әбіш ағаның ескерткішінің ашылуына арнайы келетінімді айтқан едім. Кейін сол уәдемді орындап, Ақтауда қазақ халқының ұлы перзентіне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатыстым. Сол себепті, өздеріңізбен кездесуді Әбіш аға туралы естеліктен бастап отырмын», - деді Тоқаев. 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park