Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев: Малдың қырылуын тоқтату керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қуаңшылыққа тап болған өңірлерге көмек көрсетуді тапсырды.

Тоқаев: Малдың қырылуын тоқтату керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы осыған дейін бұл министрлікте бірқатар басшылар болды. Алайда әр министр өз бағдарламасын жүзеге асырған еді. Нәтижесінде мұндай жұмыс саланы қауқарсыз күйге түсірді, шаруаларды әбден қажытты. Үкімет пен әкімдер «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, зиян шеккен фермерлерге қолдау көрсету үшін шұғыл түрде кешенді шаралар әзірлеуі тиіс. Үкіметтің төтенше жағдайларға арналған резервін пайдаланыңыздар, қажетті көмекті беріңіздер», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өңіраралық және салааралық мәселелерді шешу үшін құрылған республикалық штабтың жұмысына көңіл толмайтынын айтты. «Жалпы республикалық штаб жедел жұмыс жүргізуі керек. Қабылданған шаралардың бағыты фермерлерге анық әрі түсінікті болуға тиіс. Мына нәрселерге назар аударғым келеді: мемлекет міндетті түрде қажетті көмекті көрсетеді. Сондай-ақ, шаруалар да ортақ жұмысқа атсалысуы қажет. Ең алдымен қиындыққа тап болған өңірлерге жем-шөпті жедел жеткізіп, малдың қырылуын тоқтату керек. Төтенше шара ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан шөп жинау мүмкіндігін қарастырған жөн», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.