USD
USD
USD

Тоқаев Лукашенконы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Тоқаев Лукашенконы құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті", – делінген жеделхатта.

Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі.

Еске салайық, Беларусь орталық саулау комиссиясы президент сайлауының алғашқы нәтижелерін шығарды. Александр Лукашенко 80,23 пайыз дауыс жинады, оның кандидатурасын 4 миллион 652 мың адам таңдаған. 

Қазір оқып жатыр

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты шешімге шағым түсірді

Ясмина Тоқсанбаева

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

Жол-көлік оқиғасы

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина