Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Луганск пен Донецк туралы ойын ашық айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді.

Тоқаев Луганск пен Донецк туралы ойын ашық айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық байқалады. Сондықтан, түрлі пікірлер айтылады. Дегенмен, келесін атап өткім келеді: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.  Мемлекет басшысы БҰҰ-ның негізін қалаушылар осы мәселені кезінде ескермеуі, не болмаса ымыра ретінде әдейі енгізуі мүмкін екендігін атап өтті. "Екі ұстаным бір-біріне қарама қайшы келеді. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірмесі бар. Біреулер, "мемлекеттің аумақтық тұтастығы – бұл мызғымайды" дейді. Өзгелері, белгілі бір мемлекеттің құрамындағы кез келген халық өзінің мемлекеті болуға құқылы және өз мемлекетін құра алады әрі қалауымен одан бөлектене алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ҚР Президентінің атап өтуінше, егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді. "Осы себепті біз Тайваньді, Косовоны, Оңтүстік Осетияны және Абхазияны да мойындамаймыз. Біз бұл принципті сонымен қоса Луганск және Донецк квазимемлекеттік бірлестіктеріне қатысты қолданамыз", - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның негізін қалаушылар осы мәселені кезінде ескермеуі, не болмаса ымыра ретінде әдейі енгізуі мүмкін екендігін атап өтті.

"Екі ұстаным бір-біріне қарама қайшы келеді. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірмесі бар. Біреулер, "мемлекеттің аумақтық тұтастығы – бұл мызғымайды" дейді. Өзгелері, белгілі бір мемлекеттің құрамындағы кез келген халық өзінің мемлекеті болуға құқылы және өз мемлекетін құра алады әрі қалауымен одан бөлектене алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді.

"Осы себепті біз Тайваньді, Косовоны, Оңтүстік Осетияны және Абхазияны да мойындамаймыз. Біз бұл принципті сонымен қоса Луганск және Донецк квазимемлекеттік бірлестіктеріне қатысты қолданамыз", - деді мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап