Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Лакшми Митталмен қызметкерлерге әділ еңбекақы төлеу мәселесін талқылады

Кездесуде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды, деп хабарлады Ақорда. 

Тоқаев Лакшми Митталмен қызметкерлерге әділ еңбекақы төлеу мәселесін талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналды.

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар Президент ішкі нарықтың қажеттілігін «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берді.

Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды. Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел