USD
USD
USD

Тоқаев Кувейттің жаңа Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты лауазымға тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Кувейттің жаңа Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сізді таққа отырғызу туралы шешімді Кувейттің өркендеуіне және мүддесін қамтамасыз етуге ұзақ жылдан бері сіңіріп келе жатқан риясыз қызметіңізге әулетіңіз бен отандастарыңыздың берген жоғары бағасы әрі еліңіздің игілігі жолындағы болашақ жеңістеріңізге деген нық сенімінің айғағы деп білемін. Қазіргі таңда Кувейт – іргесі берік, экономикасы әлеуетті, халқының әл-ауқаты жылдан жылға артып отырған ел, сондай-ақ оның халықаралық қауымдастықтағы мерейі де үстем. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен Кувейт Мемлекетінің дамуы баянды болып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кувейт халықтарының игілігі үшін екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген әртүрлі саладағы ынтымақтастықты өрістетуге, бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Мемлекет басшысы шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың аса жауапты қызметіне мол табыс, ал достас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі