USD
USD
USD

Тоқаев коронавирусты анықтайтын жаңа скрининг орталығын аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысты. Бұл орталық Оңтүстік Кореяның технологиясы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев коронавирусты анықтайтын жаңа скрининг орталығын аралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді. Кореялық «Medical Partners Korea» медицина компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук Қазақстан Президентіне мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен «Drive-through» жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді. – Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда соғыстың аты соғыс деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.