USD
USD
USD

Тоқаев коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға халықты коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді.

Тоқаев коронавирусқа байланысты вакцинациялау бойынша тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент денсаулық сақтау министрінен медұйымдардың вакцинацияға дайындығын сұрады.

"Бұл мәселе бізде ерекше өзекті. Біз барлық медициналық ұйыммен оқыту жүргізіп жатырмыз. Әрбір медициналық ұйым вакцинация форматы бойынша барлық сұрағын талқылады. (...) Алғашқы вакцина "Спутник-V" болады. Мұнда өңірлерде СҚ Фармацияның барлық хабында қосымша тоңазытқыш жабдықтар сатып алынды. Медицина қызметкерлерін оқыту бойынша біз арнайы стандарт пен вакцинаны қолдану бойынша нұсқаулық жасадық. Қазір халыққа вакцинацияның пайдалы екенін жеткізу үшін материалдар дайындалды", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Мемлекет басшысы Цойға тапсырма берді.

"Осыған байланысты сіздерге, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ретінде, барлық әкімге, сондай-ақ ведомстволардың басшыларына жүгінемін. Жалпыға бірдей вакцинация - бұл өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациялау бойынша байыпты, пысықталған, егжей-тегжейлі жұмыс жоспары қажет. Шатасулар мен хаосты болдырмау үшін ескеретін көптеген нюанс бар. Жалпы вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзеуі керек, бірақ алда көп жұмыс бар", - деді Қазақстан Президенті.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама