USD
USD
USD

Президент Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентіне Қарулы Күштерді қалыптастыру және дамыту, қорғаныс саласының шығындарын оңтайландыру жұмыстары туралы баяндалды.

Министрдің айтуынша, жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шаралары биыл 10 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Ермекбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау, әскери техникаларды жөндеу және жаңғырту жөніндегі жоспары, сондай-ақ, электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтты.

Кездесуде Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру үшін жүргізілген жұмыстарға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, армияны тиімді әрі бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтау, әскери білім беру ісінің және әскери дайындық үдерісінің сапасын арттыру, сонымен қатар, әскери парадқа дайындық барысы жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж