USD
USD
USD

Тоқаев қорғаныс министрімен Жеңіс күніне дайындықты талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Тоқаев қорғаныс министрімен Жеңіс күніне дайындықты талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшыға ведомствоның биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысы, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тәртібі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. Кездесу барысында коронавирус індетіне қарсы күрес жағдайына ерекше көңіл бөлінді.

Нұрлан Ермекбаев әскери медицинаның ПТР-зертханалармен қамтылуы жайында айтты. Министрдің сөзінше, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі зертхана іске қосылған, ал Ақтау мен Семейде мобильді кешен жұмыс істеп тұр. Офицерлер мен сарбаздарға вакцина салу жалғасуда. Бүгінде Қарулы Күштер құрамының 20 пайызына екпе егілген.

Министр Мемлекет басшысына «Алтын жебе» арнайы операциясы және «Қалқан-2021» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, сондай-ақ, екінші жартыжылдыққа жоспарланған «Отпантау» стратегиялық оқу-жаттығуға дайындық жөнінде есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастық бағыттары, Қарулы Күштерді әскери техникамен жабдықтау, Қарулы Күштердің тұжырымдамасын дамыту жұмыстары туралы айтылды.

Сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы, 2022 жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 30 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Кездесу соңында Жоғарғы Бас Қолбасшы Қорғаныс министріне еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қандастар Президенттен KazTest талаптарын қайта қарауды сұрады

Төлқұжат

Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, Ерсайын Нағаспаев

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха

Жолдау: инфрақұрылымдық жаңғыру және Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Айсұлу Қоспанова