USD
USD
USD

Тоқаев көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Бір күн бұрын, 24 тамызда Грузияда жолаушыларға арналған микроавтобус 80 метр биіктіктегі жартастан құлап кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 адам қайтыс болды, үшеуі жарақат алды, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Ішкі істер министрлігі "Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеуді бастады. 25 тамызда Грузияда жол-көлік апатынан зардап шеккендерді ұлттық аза күту күні деп жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай