USD
USD
USD

Тоқаев кім екеніне және лауазымына қарамастан активтерді қайтару туралы мәселе көтерді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігіне заңсыз жолмен алынған активтерді іздеуге баса назар аударуды тапсырды, – деп хабарлайды Ақорда ресми сайты.

Тоқаев кім екеніне және лауазымына қарамастан активтерді қайтару туралы мәселе көтерді
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Тариф» жобасы бойынша коммуналдық қызметтердің 17 миллиард теңгеге өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін 1,3 миллион азаматтың негізсіз шығынына жол берілмеді. 13 іс қозғалды (сумен жабдықтау – 8, газбен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 2).

Президент жариялаған Балалар жылы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, «Қамқор» жобасы  жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қорғауға бағытталған. Нәтижесінде, 45 іс бойынша 800 жетім баланың құқығы қорғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күресу үшін агенттік төрағасына тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді. Президент заңсыз иемделген активтерді, соның ішінде шетелден іздеуге баса мән беру қажет екенін, сондай-ақ оларды Қазақстанға қайтару жұмыстарын жандандыру керек екенін айтты. Бұл жұмыстардың бәрі тұлғаның кім екеніне және лауазымына қарамай жүргізілуге тиіс.

Қазір оқып жатыр

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

.

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.