USD
USD
USD

Тоқаев: Қазақтар техника саласының мамандарына айналуы қажет

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары және "Болашақ" бағдарламасына қатысты түбегейлі өзгерістер жайлы айтты.

Тоқаев: Қазақтар техника саласының мамандарына айналуы қажет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. мамандық иелерін тым көп шығарып жатырмыз. Қазір білім саласын техникалық арнаға түсіруіміз керек. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, бәлкім тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің 11 қаңтардағы жалпы отырысында қазір Қазақстанға инженерлік біліктілігі бар мамандар ауадай қажет екенін айтқан болатын.

«Жалпы бәрімізге білім туралы көзқарасымызды өзгерту қажет. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Басымдықты техникалық мамандықтарға беру қажет. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz

ҚФФ төрешілердің бірін футбол жарыстарынан шеттетті

Төреші