Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады

Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов