USD
USD
USD

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Құрметті отандастар!

Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын мейрам.

Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келеді.

Қазақстанда заң үстемдігін орнықтыру, азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсыну және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ауқымды өзгерістер жалғаса береді.

Біз жалпыұлттық бірлікті нығайтып, баға жетпес байлығымыз – этностар мәдениетінің және діни салт-дәстүрдің әралуандығын сақтаймыз.

Пасха мерекесі әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін,–деді ел президенті.

Қазір оқып жатыр

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша