USD
USD
USD

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл - батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.

Отан қорғау - қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.     

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.

Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.     

Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін. 

Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!

Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич