USD
USD
USD

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар.

Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз.

Еліміздің әр шаңырағы бақыт пен қуанышқа бөленсін!

Халқымыздың ырысы мен ынтымағы арта берсін!  

Айт қабыл болсын, ағайын!», – деді Тоқаев құттықтауында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе