USD
USD
USD

Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісіне жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісіне жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын. 

Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. 

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Мұхтар Шаханов

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

брусчатка дауы

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?

Мәжіліс

Желіде ерлі-зайыптының интимді видеосы тараған: күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Интимді видеоны тарату