USD
USD
USD

Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелерін қабылдады

Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады.

Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелерін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады.

Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park