USD
USD
USD

Тоқаев Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтың күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

«Сіздің сапарыңызды дәл уақытында жасалды деп санаймын. Өйткені ол бізге қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылауға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен жан-жақты диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды құптап, еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасына қол қойғанын ерекше атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран