Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасарын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Астана, NEGE. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.