USD
USD
USD

Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниді Қазақстанға шақырды

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Катар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын жан-жақты талқылады.

Тоқаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниді Қазақстанға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көшбасшылар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айта келе, екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көрсеткіштерін арттыру маңызды екеніне тоқталды. Президент екі мемлекеттің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы ықпалдастықты жандандыруды ұсынды.

«Біздің бірқатар инвестициялық жобаларымыз бар. Бүгін соларды сіздермен бірлесіп талқылауға дайынбыз. Қазақстан компаниялары осы бағытта Катар бизнесімен тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Доханың Қазақстанмен көпжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.

«Бүгінгі экономикалық форумға Қазақстанның қатысқаны – мен үшін үлкен мәртебе. Біздің өзара сенімге негізделген қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бірлескен жобаларды, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл еліміз үшін басым бағыт және жуық арада агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау үшін арнайы топ жібереміз», – деді Катар Әмірі. Әңгіме соңында Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, жақын арада елімізге сапармен келуге ниетті екенін нақтылады.
 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы