USD
USD
USD

Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді, делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі жазбасында.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан астығын экспорттаумен шектелмеуі керек: депутат агросектордағы басты мәселені атады

Ауыл шаруашылығы

Жалғыз баспанасы мен автокөлігі барлар мемлекеттік қолдаудан қағылмай ма?

Алматы жастары

12 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кәрім Көкрекбаев

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев