USD
USD
USD

Тоқаев қаламгерді қабылдады

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады.

Тоқаев қаламгерді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. «Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану және дінтану институтының жұмысы туралы баяндап, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мәдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөніндегі ой-пікірімен бөлісті» делінген «akorda.kz» таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар кездесу кезінде Әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мәселелері сөз болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлеуметтік-саяси жаңғырту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының ғылыми және рухани мұраларын негізге алудың маңызды екенін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж