USD
USD
USD

Тоқаев «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды.

Тоқаев «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрылымының Алматы облысындағы Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өткен «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларына барды.

Мемлекет басшысына арнайы жасақ қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрысқа дайындығы көрсетілді. Президент жаттығу жүйелері, биікке өрмелеу қабырғалары және оқу орталығының мультимедиялық мылтық ату полигонын аралады.

Жоғарғы Бас қолбасшы әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның мықты мемлекет болып қалыптасуына құқық қорғау органдары елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.

– Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елімізде қоғамдық қауіпсіздік берік орнықты. Қылмыспен күресіп, азаматтардың алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ету – тәуекелі көп жұмыс. Тәртіп сақшысы кез-келген уақытта қатердің бетін қайтаруға дайын тұруға тиіс. Бұл зор жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Полиция қызметкерлері қашанда қырағы әрі ширақ болуы керек. Сондықтан, осындай оқу-жаттығулар кәсіби шеберлікті шыңдау үшін өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев