USD
USD
USD

Тоқаев Jibek Joly телеарнасына табан тіреді

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін Jibek Joly телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Jibek Joly телеарнасына табан тіреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды.

Президентке Телереадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті.

Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңызын және олардың кәсібилігін атап өтті.

Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG