USD
USD
USD

Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

Тоқаев Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев