USD
USD
USD

Тоқаев ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.

– Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған күш-жігерді ілгерілетуде көшбасшы болды. Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Қазір оқып жатыр

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Бекет Әбішев

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер