USD
USD
USD

Тоқаев Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуаны қабылдады

Кездесу барысында Президентке телекоммуникация саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірінің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қатысты алдағы жоспары таныстырылды.

Тоқаев Huawei Technologies компаниясының басқарма төрағасы Лян Хуаны қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Huawei» мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының теміржол желісін цифрландыру және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Лян Хуа «Huawei» компаниясы кең жолақты қолжетімді интернетті дамытуға және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретінде қалыптасуына қатысты зерттеулерді қаржыландырғанын айтты.

Мемлекет басшысы «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясының базасында IT-технология саласы бойынша білікті қазақстандық мамандарды даярлау жөніндегі жобаны жүзеге асыруды құптады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.