USD
USD
USD

Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада табысты өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев ХХХI дүниежүзілік қысқы универсиадада өнер көрсеткен Қазақстанның студенттер құрамасын құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Сіздердің жарқын жеңістеріңіз күллі жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйлады. Дүниежүзілік қысқы универсиадада сіздер шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігердің бірегей үлгісін көрсеттіңіздер. Байрақты бәсекеде жастарымыз ел сенімін ақтап, алтын, күміс және қола медальдарға ие болды. Спортшыларымыздың мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіне жаттықтырушыларымыз елеулі үлес қосты. Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Құрама командамыздың Универсиада ойындарындағы тамаша өнері мыңдаған жасты жігерлендіріп, жеңістерге бастайтыны анық, – деп жазылған құттықтау хатта.

Президент Қазақстанның студенттер құрама командасының биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko