USD
USD
USD

Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты.

Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жеке грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды.

Волонтерлік және қайырымдылық істерді институттық тұрғыда қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытқан жөн. Ол үшін волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет.

Волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет.

Маған еріктілер мен қайырымды жандардың «кең ауқымда ойла, соған сай әрекет ет» деген қағидаға сүйеніп жұмыс істейтіні ұнайды.

Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын.

Біздің волонтерлер Иордания, Кения, Тайланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста, мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген БҰҰ өкілдеріне алғыс айтамын. Былтыр елімізде Орталық Азия волонтерлерінің алғашқы форумы өтті. Осындай маңызды шаралар алдағы уақытта да жалғасады", - деді президент сөйлеген сөзінде. 

Қазір оқып жатыр

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

Дәрігер мен науқас

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер