Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Францияның бизнес өкілдерін қабылдады

Мемлекет басшысы қазақ-француз бизнес форумы аясында Францияның бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Тоқаев Францияның бизнес өкілдерін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Lactalis Group компаниясының бас директоры Эмманюэль Беньемен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы аталған кәсіпорын Қазақстан нарығына 20 жыл бұрын келген алғашқы француз компанияларының бірі екенін атап өтті. Бүгінде бұл кәсіпорынның бірнеше зауыты мен сүт фермалары елімізде табысты жұмыс істеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық сын-қатерлеріне байланысты агроөнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастықтың мән-маңызы артып келеді. Осыған орай Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісіне инвестиция тартуды ынталандырады.

Эмманюэль Бенье қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Lactalis Group компаниясының ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда жаңа өндіріс орындарын ашу жоспарымен бөлісті.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті