USD
USD
USD

Тоқаев Еуропалық қайта құру банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады

Тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасты.

Тоқаев Еуропалық қайта құру банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.

– Лондондағы бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз, – деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме