USD
USD
USD

Тоқаев Еуроодақтың елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропа одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Еуроодақтың елшісін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуропа одағының Қазақстандағы елшісімен кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, "жасыл" экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа одағына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, "жасыл" экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар