USD
USD
USD

Тоқаев: Ертең ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін шығару басталады

Мемлекет басшысы Алматыға барған сапарында ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентінің бөлімшелерін қайтару жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Тоқаев: Ертең ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін шығару басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингенті елден ертеңнен бастап шығарылады.

 – Ертең ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталады. Мен тиісті мемлекеттердің басшыларымен сөйлестім. Осы сәтті пайдаланып, осы бірнеше күнде жүргізген ауқымды жұмыстары үшін   контингенттің басшылығына алғыс айтамын. ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің Қазақстанға, соның ішінде Алматыға келгені жалпы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарды.  Бұл әрекеттердің лаңкестер мен содырлардың агрессиясын қайтаруда үлкен психологиялық маңызы болғаны сөзсіз. Миссия өте сәтті өтті. Менің әріптестеріме ұйымға мүше елдердің басшыларына үлкен алғыс білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей