USD
USD
USD

Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті.

Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды. Өз кезегінде Түркия Президенті Мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық