USD
USD
USD

Тоқаев Ерболат Досаевқа тапсырма берді

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлады Ақорда. 

Тоқаев Ерболат Досаевқа тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі Президентке экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады. Есеп беріліп отырған кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 105 пайызға жеткен. Өңдеуші өнеркәсіп – өсімнің негізгі драйверіне айналды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,1 пайызға артқан.

Алматы жеке инвестициялар көлемі жөнінен (22,4 пайыз) өңірлер арасында бірінші орында. Қалада іскерлік белсенділік қалпына келді. Биылғы тоғыз айда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,2 пайызға артты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жүзеге асырылуы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалары, сонымен қатар дамудың бекітілген негізгі басымдықтарын ескере отырып, қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, мектептердегі орын тапшылығын төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Президент қаланың экономикасын одан әрі әртараптандыру және инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті