23 Маусым 18:26
...

Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Фото:

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.

Алматы, NEGE. Зүлфия Сүлейменова Мемлекет басшысына  орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. 

Сонымен қатар,  табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын; негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе,еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Президент табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін аттап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін  құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қажет жағдайда құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.

 

Тегтер: