USD
USD
USD

Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентіне Экологиялық кодекстің әзірлену барысы жөнінде мәлімет берілді. Министрдің айтуынша, Кодекстің жобасын дайындау кезінде жұртшылықтың пікірі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің озық тәжірибелері ескеріліп, Парламент қарауына енгізілген.

Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа су ресурстарын басқару және геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы министрге тиісті бағдарламаларды дайындау барысында еліміздегі су қауіпсіздігінің барлық аспектілерін мұқият талдауды тапсырды. Сондай-ақ геологиялық барлау саласына шетелдік инвесторларды тартудың маңыздылығын айтты.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері