USD
USD
USD

Тоқаев: Екі ел азаматтығы бар лауазымды тұлғалар жұмыстан шығуы тиіс

Қазақстан – екі бірдей елдің азаматығына рұқсат бермейтін елдердің бірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоқаев: Екі ел азаматтығы бар лауазымды тұлғалар жұмыстан шығуы тиіс
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл норма Қазақстан Республикасының Ата заңында көрсетілген. Алайда соңғы кезде қос елдің азаматтығын алып жүру деректері жиілеген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндайға жол берілмеу керектігін қадап айтты. Бұл мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей қатысы бар маңызды мәселе. Сондықтан тиісті шара қолдану қажеттігін ескертті.

– Былтыр халыққа арналған жолдауымда қос елдің азаматтығы бар мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларды, квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшілерін жұмыстан шығару туралы тапсырма берген едім. Үкімет пен мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттікке осы бағытта атқарылған жұмыс жөнінде баяндауды тапсырамын, - деді Тоқаев. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл