USD
USD
USD

Тоқаев дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді. 

Тоқаев дизель отыны тапшылығына қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазан айында еліміз дизель отыны тапшылығына тап болды. Бұл ахуал дизель отыны бағасының өсуіне ғана емес, сонымен бірге көлік компаниялары, Қазақстан темір жолы үшін де проблема туындатты.

Сонымен қатар коммуналдық және жол қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде тәуекелдер алып келді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі