USD
USD
USD

Тоқаев Димашқа тазы күшігін сыйлады

Әнші Димаш Құдайберген бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Тоқаев Димашқа тазы күшігін сыйлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады.

Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. „Тазы“ атауы парсы тілінен енген, мағынасы – шапшаң, епті. Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазыны Ғарышкер деп атадық», - деп жазды Димаш.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама