USD
USD
USD

Тоқаев ДДСҰ бас директорымен кездесті

Мюнхен қаласындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Тоқаев ДДСҰ бас директорымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуының алдын алу бағытында Қазақстанда қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Тедрос Адхан Гебрейесус Қазақстан Президентіне коронавирустың таралуына байланысты әлемдегі ахуал жайында кеңінен мәлімет берді.

Сонымен қатар, пікір алмасу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастық шаралары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев