Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев CNN журналисті Ричард Квесттің сұрағына жауап берді

Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлегеннен кейін CNN журналисті, форум модераторы Ричард Квесттің сұрағына жауап берді.

Тоқаев CNN журналисті Ричард Квесттің сұрағына жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Президент мырза, Сіз делегаттар мен қатысушыларды диалогқа шақыратын ашықтық пен төзімділік туралы айттыңыз. Жалпы, Форумның сәтті өтуіне қатысты көзқарасыңыз қандай?», - деп сұрақ қойды Ричард Квест. 

«Меніңше, біз қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуіміз керек. Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы шеңберден шығып, бәрімізді біріктіретін мәселелер туралы айтуға тиіспіз. Қысқаша айтса, осы мәселелерді шешуіміз керек. Менің көзқарасым бойынша, диалог пен пікір алмасу және сіз айтқан әділдік текетірестен, соғыс пен қақтығыс идеологиясынан жоғары тұруға тиіс», - деп жауап берді президент. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш