USD
USD
USD

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді.

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды.

БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы