USD
USD
USD

Тоқаев белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Талас Омарбековтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Тоқаев белгілі ғалым Талас Омарбековтің отбасына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Талас Омарбековтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінде және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған Талас Омарбекұлы отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихын қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан зор. Бүкіл түркі дүниесін, ұлтымыздың шежіресін, Орталық Азия халықтарының өркениетке бет алған көшпелі мәдениетін терең зерделеді. Талас Омарбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе