USD
USD
USD

Тоқаев бейресми кездесуге Олимпиада формасымен барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларымен бейресми кездесуге қатысты.

Тоқаев бейресми кездесуге Олимпиада формасымен барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған фотоға қарағанда бейресми кездесуге Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ өзбек көшбасшысы Шавкат Мирзиеев та қатысқан.

Президент кездесуге Қазақстан құрамасының олимпиада формасымен барған.

Кеше Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барған болатын. 6 тамызда президент Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Жиын Каспий теңізі жағалауындағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтеді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемалары, Ауғанстандағы ахуал жөнінде пікір алмасады деп жоспарланған.

Бұл Орталық Азия өңірі елдері көшбасшыларының үшінші консультативтік кездесуі. Бірінші кездесу 2018 жылы Нұр-Сұлтанда, екінші кездесу 2019 жылы Ташкентте өтті.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала